Байланыстар аксиомасы (байланыстан босату принципі)


Дата добавления: 2014-11-24 | Просмотров: 1680


| Следующая страница ==>

Кез-келген еріксіз денені ойша байланыстардан босатып және осы байланыстар әсерін сәйкес реакция күштерімен алмастырсақ онда еріксіз денені еркін дене деп қарастыруға болады.

Денелердің тепе-теңдігін есептеген кезде байланыс реакцияларының бағытын дұрыс көрсету қажет. Статика есептерін шешу кезінде жиі кездесетін байланыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Денелердің өзара түйісуі.Үйкелісін ескермеуге болатын бетті жылтыр бет дейміз. Жылтыр беттің байланыс реакциясы жанасушы беттерге ортақ нормал бойымен бағытталады.

Егер жанасатын беттердің біреуі екіншісіне нүкте немесе қабырға арқылы тірелсе. Онда байланыс реакциясы жанасу нүктесінен екінші дене бетінен жүргізілген нормаль бойымен бағытталады.

4.1-сурет. Жылтыр беттің реакция күші.

2. Керілгіш байланыстар (жіп, арқан, шынжыр т.б)

Созылмайтын керілгіш жіп, арқан түрінде берілген байланыстар дененің бір бағыттағы (созылу керілу бағыты) қозғалысын шектейді де, реакциясы сол байланыстың бойымен бағытталады.


1 | 2 | 3 |

При использовании материала ссылка на сайт Конспекта.Нет обязательна! (0.027 сек.)