Тез пішімдеу


Дата добавления: 2014-11-24 | Просмотров: 1541


<== предыдущая страница | Следующая страница ==>

А) «NSFNET BACKON» мәтінің ерекшелеңіз.

Ә) А белгісін шертіп, әріптің мөлшерін өзгертіңіз. Әріпті өзгерту үшін «Қаріп» белгісіндегі қара бағытты шертіңіз.

Б) Сызылғандарды өзгерту үшін «Қаралау» Ж, « Курсив» К, «Сызылған» Ч белгілері бойынша шертіңіз.

В) «Узлы» мәтінің кішірейту үшін, ерекшелейміз. Құралдар жолындағы А белгісін басыңыз.

Г) Іздеужәне ауыстыру. «Түзету» менюнен «Ауыстыру» командасын ашамыз. «Образец» енгізу жолында ізделініп отырған мәтінді теріңіз. (Интернет).

 

1.4. Құжатты ашу

А) «Файл» менюі ішінен «Ашу» командасын ашамыз.

Ә) HTML үлгісіндегі құжатқа жол көрсететін пайда болған «Обзор»-ды басыңыз.

 

1.5. Құжатты көру

«Іске қосу» батырмасын басыңыз және «Программалық» бас меню ішіндегі «Сілтеуіш» пунктің таңдаңыз.

Жаңа сіз құрған «Primer» бумасындағы PAGE.HTML файлын табыңыз да, оны тышқанмен екі рет түртіңіз.

Зертханалық жұмыс №12.

Pront Page қосымшасында Web-парақтары редакторы Word-қа ұқсас болып келеді. Бірақ HTML форматы өзіне тән ерекшелігі мен құжаты жасау үрдісінің ережелері бар. Парақтар мазмұнының негізгі жасау тәсілдерін қарастырайық:

* Мәтінді форматтау;

* Кесте мен тізімді жасау;

* Жапсырма (Закладка) мен гипермәтінді жасау;

* Суретті қосу;

* Тақырыбы мен Web - парақтардың фонын өзгерту;

* HTML – кодын көру.

Мәтінді форматтау

Парақтар редакторын FrontPage бағдарламасымен қатыстыру үшін ұлкенді – кішілі Web – түйін құрамыз. Мысалы, шебердің көмегіне жүгінбей Тур – агенттігі Web – парағын құру кезінде оларды форматтап және редакциялаймыз:

· Файл менюінде құру командасын таңдаңыз:

· Тапсырмалар аймағындығы бос параққа шертіңіз:

· Парақтың макетін таңдаңыз:

· Парақтың жоғары жағында 2 жол енгізіңіз:

Туристік агенттігі және Шығыс ертегісі.

· Туристік агент сөзін айқындап форматты құралдар сайманында орташа жуан шертпесін шертіңіз.

· Шығыс ертегісі сөзін айқындап Түстер палитрасын таңдап көк түсті белгілеңіз. Жазудың өлшемітізімінде 4(14pt) таңдап, курсив батырмасын шертіңіз.

· Агенттік сөзінен кейін тышқанды шертіңіз.

· Қою Көлденең сызық командасы таңдаңыз. Бірінші абзац сөздері қалғанынан сызықпен бөлініп тұрады. Web – параққа тек көлденең сызықты ғана сала аламыз. Қалаған фигуралар (сызықтың иілуі, дөнгелек, тік бұрыштар) FrontPage сайманы арқылы немесе графиктік редакторда алдын ала дайындалған GIF немесе JPG фотматында саламыз.

· Оң жақ параққа келесі мәтінді енгізіңдер:

«Біздің туристтік агенттігі жақын және алыс жерлерде демалуды ұсынады. Кез келген мүмкіндікте және қалауыңыз бойынша демалысты өткізуге көмектесемиз. Көптеген елдерде демалысты ең жақсы қонақ үйде өткізу. Жер жүзін аралау кезінде «Эйр Қазақстан» компаниясына ұшағында өткізесіз».

 

· Өзі қалауының бойынша парақы өңдеңіз:

Парақты Index.htm атымен Тур_агенттігі бумасында сақтаңыз.

 

Кестелер

Web түйінде 2 парақ құрыңыз. Ол үшін Құру Бос парақ командасын таңдаңыз.

1. Бұл парақта тақырыбын 1- ші парақтай жасаңыз.

2. Мына мәтінді қосыңыз: «Біз жақын және алыс ерлерегі елдерге демалулы ұсынамыз». Ары қарай елдердің аттарын, жолдама бағасын және демалу ұзақтығын жазу керек.

1. Кесте Қою Кесте командасын орындаңыз.

2. Сізге 3 ұяшық қажет болады. Сондықтан бағаналар санына 3 деген цифрдан жазыңыз.

3. Кестенің жуанығы парақты толық алмау жуандығын 80 деп береміз, бір атаулы жалаушыны белгіленген көріңіз, қасындағы ауыстырып қосқышта пайызды түрде көрсетілген. (2-сурет)

4. Бірінші параққа мынадай өрістер енгізіңіз: Ел, Жолдамының бағасы, Келу уақаты.

5. Өз қалауыңызша кестені, мәтінді форматтаңыз. Кестені белгіленген ортасына тузету командасын басыңыз. Кесте парақтың ортасында орналасады. Кестенің төменгі жағына:

«Жолдаманың ақысына жолы мен тамақтың ақысы қосылған», деген мәіні енгізіңіз.

 

 

Ел Жолдаманың бағасы Келу уақыты
АҚШ Ресей Анталия норвегия 1000 $ 600$ 1500$ 1300$ 10 күн 10 күн 10 күн 10 күн

 

Тур-агенттігі бумасында парақты strain.htm атымен сақтаймыз.

Тізімдер Тур_агенттігі Web түйіңінде 3-і парақты құраймыз. Мына тақырыпты енгізіңіз: «біздің агенттігімыз Қазақстанның көптеген қалаларында жұмыс істейді». Агенттік филиалдарының мекен жайларын маркерленген тізім арқылы жазуға болады. Түсті маркерді тізімнің пункітін тағайындаңдар:

1. Формат Тізім командасын орындаңыз.

2. Жай маркер командасын немесе графикалалық маркерін белгілеп көру батырмасын басыңыз, суретті маркер ретінде таңдаңыз. (3-сурет)

Тізімнің элементтері енгізіген соң Enter. Пернесін басыңыз. Парақ келесі 4 -суреттегідей болады.

FrontPage Word – тағы сияқты маркерді ғана емес тізімді нөмерлеуге де болады. Тізімді номерлеу үшін келесілерді орындаңыз:

1. Тізімді белгілеңіз.

2. Форматтау саймандар тақтасында нөмірлеу батырмасын басыңыз. Графикалық маркер цифрлармен ауысады.

Парақты Тур_агенттігі бумасында парақты filial.htm аты мен сақтаңыз.

 

Бұрынғы белгіленгендер форматына қарағанда гипермәтіндік құжаттың ең негізгісі интернет арқылы таралған, HTML файлнда суретті қою мүмкіндгігі. Web – парақтардың графикалық объектілері GIF. JPEG немесе PNG форматы жеке файлдарда сақталады. Осындай обьектілерге мысал ретінде тізім маркері бола алады.

Index.htm парағын ашыңыз. Парақтын сол жағы бос қалады, соған сурет қояйық.

1. Web – парақтардың сол жағына мәтіндік меңзерді қояйық.

Ескерту.

Web – парақтарында суреттер мәтіннің белгілі нүктесіне байланыстырылады, яғни келесі символ ретінде қабылданды.

2. Қою менюінде сурет меню астын ашыңыз. Суреттің барлық мүмкіндіктері ашылады, олар:

· Clip Art суреттері – біратты кітапханадан суретті таңдау мүмкіндігі:

· Файлдан – деген командасын бассаңыз 5 – суреттегі терезе ашылады:

· Сол жақтағы батырмалар керекті файлдарды ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, суретті таңдау үшін «Мой документ» батырмасын басып керекті файлды таңдап аласыз. Файл аты және файл типіне атын енгіз.

1. Сканер немесе камера суреті Twain технологиясынан тұрса сканер немесе басқа құралдардан алу мүмкіндігі бар.

2. Фотоколлекция құру – бұл команда фотолар коллекциясынан фотосуретті қоюға мүмкіндік береді.

3. Файлдан деген екінші нұсқаны қолданып көрейік.

4. Керекті суретті таңдап, қою командасын таңдаңыз.

5. Керекті мөлшеге бұрыштық маркер арқылы келтіріңіз.

6. Тышқанның оң жағын шертіп суреттің қасиетін таңдаңыз.

7. Ескерту. Web – парақтарында үлкен суреттерді қоюға болмайды, өйткені серверден ашу көп уақыт алады. Бұл қолданушыларға ұнамайды.

8. Форматын көрсету үшін сурет сақталып тұрған «общее» қосымшасында GIF ауыстырып – қосқышты таңдаңыз.

9. Түр қосымшасын ашыңыз. Мәтінді суреттің оң жағынан ортасына туралау үшін ортаға түзету командасын таңдаңыз.

10. ОК батырмасын шертіңіз.

Зертханалық жұмыс №13.

Жақсы таңдап алынған фон пайдаланушының ақпарат қабылдауына көмектеседі. Фонның көмегімен парақтаң белгілі аймағын бөліп алуға және көңіл аударуға болады. Парақтың артқы бөлігінде түсті суреттер және мәтінмен жақсы сәйкес келетін ылғи да қандайда бір түсті фон беріңіз. Қарсы жағдайда пайдаланушының жойған броузері фонды өзінің түсіне бояйды.

Фон ретінде кез келген графикалық файлды алуға болады. Парақты сақтау кезінде ол GIF немесе JPEG форматына ауысада. Егер сурет парақты тұтаснан жаппаса (алмаса) онда ол бір-біріне жабыса орналасқан көптеген бірдей төртбұыш плиткалар түрінде жазылады. Бұл факт тік немесе көлденең сызықтар көптеген жалпақ және жіңішке немесе биік және аласа суреттерді қолдануды жиі ұшырасады. Мұндай қадам бір жағынан көркем фон құруға, екінші жағынан беттік фонды салу уақытын үнемдейді. Фонды орналастыру үшін келесі әрекеттерді орында.

1. Формат – Фон командасы.

2. Пайда болған диалогтык терезеде Фонның суреті белгісіне орналастырыңыз. Көру батырмасына шертіңіз.

3. Диалог терезесінен Фон суретін таңдау құжатын алыңыз.

4. Ашу батырмасын басып, одан соң ОК батырмасы.

Тур_Агенство түйінің құрылған үш Web – парағына фон орналастырамыз.

Парақты сақтауды ұмытпаңыз.

 

Web – түйінін безендіру

Web – парақтың бірқұрылымды түйініне бірігуі Front Page бағдарламасында тек парақ арасында сілтеме құруға ғана емес, сонымен бірге түйіннің барлық парағын бір типті безендіруді қамтамасыз етеді. Әрбір Web – түйін анықталған сұлба ретіне құралады. Ол үшін келесі қадамдарды орындау керек.

1. Формат – Тақырып командасын таңдаңыз. Есеп аймағында Тақырып бөлімі ашылады. Таңдалған сұлбаны көресіз, оның көмегімен парақ безендірілген.

2. Сұлба тізмінен өңделетін түйінге келетін түсті іздеңіз. Мысалы: «Ирис» нұсқасын таңдаңыз. Диалог терезесінің сол жақ төменгі бөлігінде 3 жалауша бар, оларды орналастыру келесі қимылдарға рұқсат береді:

· Ашық түстер – таңдалған сұлбаны ашығырақ түспен бояйды.

· Белсенді суреттер – сурет сілтемесін күрделендіреді, нүкте және маркерлер, ұсақ бөлшектер мен көленке қосады.

· Фон суреті – парақтың артқы бөлігінде фон суретін орналастырады.

3. Қажет жалаушаларды орналастырыңыз. Егер сізде стандартты сұлба ұнамаса, параметрлердің біреуін өзгертіңіз.

4. Жаңа тақырып құру командасына шертіңіз. Тақырыпты құру терезесі шығады:

· Түстер батырмасын бассақ, үш бөлікті диалог терезесін көреміз. Біріншісі – түстер сұлбассы стандартты түстердің біреуін таңдауға парақты безендіруде берілген нұсқаға жетуге рұқсат береді. Түс шебері бөлігі түстер кеңістігін шерту арқылы түс реңін және ашық жылжымасы көмегімен бояудың ашық түсін орналастыруға мүмкіндік береді. Үшінші бөлікте – екі ашылатын тізім бар. Біріншіде парақтың кез келген стандартты элементін таңдауға, одан соң екіншісінің көмегімен сол элементке арнайы түс арнауға болады.

· Графика батырмасын шерткенде терезе ашылады. Ашылған элемент тізімінен Web - парақтың кез келген стандартты элементін таңдаймыз. Үлгі батырмасының көмегімен сурет бөлігінде безендіру ретінде кез келген графикалық құжат, ал қаріп бөлігінде осы элемент мәтініне жарайтын сызықты таңдаңыз. Осы операцияларды қайталап, парақтың барлық элементін құрыңыз.

· Мәтін батырмасы Web – парақтың қарапайым қарібін және алты тақырыпша құруға мүмкіндік береді. Элемент тізімінің көмегімен қажет қәріпті таңдаңыз.

5. Сұлбаны өзгертіп болған соң және тақырып құрылымы диалогтық терезеге келген соң, қалай сақтау батырмасына шертіңіз.

6. Кітапханада жаңа сұлбаны сақтау үшін, пайда болған терезеде сұлбаны пайдаланушының атын енгізіп, ОК батырмасын шертіңіз.

7. Таңдалған сұлбаны түйінін парақтың барлығына меншіктеу үшін, барлық параққа деген қосылғышты таңдаңыз.

8. ОК батырмасын шертіңіз.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

При использовании материала ссылка на сайт Конспекта.Нет обязательна! (0.039 сек.)