Гиперсілтеме


Дата добавления: 2014-11-24 | Просмотров: 1541


<== предыдущая страница | Следующая страница ==>

Front Page бағдарламасының көмегімен Web – түйін құруда, парақта автоматты түрде навигация тақтасын гиперсілтемелермен әр түрлі Web – парақтың түйіндерінде орналастырады. Сілтемелер мәтіндік парақтарда енгізіледі. Web түйіндерді дұрыс функционалдау үшін өңдеушіге ылғи да қосымша сілтеме орналастыруға, қатыстылардың параметрлерін өзгертуге тура келеді.

1. Avia.htm парағын құрыңыз.

2. Оны келесі үлгіде беріңіз.

3. Парақты сақтап, index.htm парағына оралаңыз.

4. «Эйр-Қазақстан» мәтінін белгілеп, avia.htm парағына гиперсілтеме қойыңыз.

5. Түр – гиперсілтеме командасының көмегімен парақтар қалай байлансқанын көріңіз.

6. Көруден гиперсілтеме жұмысын тексеріңіз.

7. Құжатты жабыңыз.

8. Енгізілген өзгерістерге сәйкес сақтау сұраныстарын мақұлдаңыз.

Жапсырма (закладка) құрылған парақты көрсететін келесі параққа сілтеме жасау керек.

9. Парақпан мәтін немесе үзінді бөліп алыңыз.

10. Тышқанның оң жағымен шертіп, гиперсілтеме командасын таңдаңыз.

11. Гиперсілтеме құруға ашылған диалогтық терезеде құжат белгісін жапсырма бар жерде шертіңіз.

12. Сол терезеде Закладка батырмасын шертіңіз, сонан соң закладка атынан пайда болған диалог терезесінен құжат орнын белгілеп, ОК батырмасын басыңыз. Адрестер аймағында: Гиперсілтеме қосу диалогтық терезеде жапсырма аты енгізіледі.

13. ОК батырмасын шертіңіз.

Зертханалық жұмыс №14.

Бұл зертханалық жұмыста келесі тақырыптар қарастырылады:

· Альтернативті көрсетілім

· Жүгіртпе жол

· Интерактивті батырма

· Фондық дыбыс

· Бейне клип

Баламалық (Альтернативтік) көрсетілім қою үшін:

1. Суретте тышқанның оң жағын басыңыз.

2. Менюден «Свойства рисунка» командасын таңдаңыз.

3. «Свойства рисунка» диалогтық терезесі шығады.

4. Бұл терезеде «общение» жапсырмасына өтіңіз.

5. Мәтін өрісінде суреттің жанында пайда болатын мәтін жазылады. Енді парақты сақтаңыз да, «Просмотр» режимін қосыңыз, меңзерді суретке апарғанда сыбырсөз пайда болады. Егер сурет жүктелмесе, онда баламалық мәтін оның орнына жазылады.

 

Жүгіртпе жол

Жүгіртпе жол көмегімен қандай да бір мәтінді белгілеп, оған көп қолданушының назарын аударуға болады. Бұл компонент барлық броузерде қолданылмайды, ол тек Microsoft компаниясының кеңейіткіштерімен сәйкес келетін броузерлерде ғана қолданылады. Басқа бағдарламада жүгіртпе жол символдарды статистикалық мәтін түрінде бейнеленеді. Мәтіндік фрагментті жүгіртпе жолға айналдыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Index.htm парағында Шығыс ертегілері жолының ерекшелігі.

2. «Вставка» менюінен «веб компонент» командасын таңдап, пайда болған диалогтық терезеде «Вставка вкб узла» пунктін белгілеңіз. Диалогтық терезенің оң жақ бөлігіндегі жүгіртпе жол пунктін белгілеп, «Готово» батырмасын шертіңіз.

3. Жолдың қозғалыс бағытын таңдау үшін ашылған диалогтық терезеде «Направление» ауыстырғышының «Налево» күйін таңдаңыз.

4. «Непрерывно» жалаушасын орнатыңыз.

5. Қажет болса басқа да параметірлерін өзгертіңіз, ОК батырмасын шертіңіз.

6. «Просмотр» жапсырмасын шертіңіз. Жүгіртпе жол мәтіні терезеден солдан оңға қарай жылжып тұрады.

Жүгіртпе жол үшін белгілі бір қайталану санын орнатуға болады. Бүкіл жол web-парақты көрсетілген сан рет жүріп өткен соң оның мәтіні жоғалып, қайта пайда болмайды. Эффектінің қайталануы үшін парақты алдын ала көру режиміде немесе броузер терезесінде жүктеу керек.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

При использовании материала ссылка на сайт Конспекта.Нет обязательна! (0.047 сек.)