|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Есеп 1.2Дата добавления: 2014-11-24 | Просмотров: 1727
Егер мұнайдың қалыпты жағдайдағы тығыздығы берілген болса, оның газдан айырғаннан кейінгі тұтқырлығын табу керек. Алғашқы мәліметтер төмендегі 1.1-кестеде вариант бойынша берілген.
1.1-кесте
1.2 Қабат суының тығыздығы мен тұтқырлығын есептеу
Қабат сулары кәсіпшілікте мұнайды өндіру және ұңғы өнімдерін жинау мен дайындауда біршама қиындықтар туғызатын бірден-бір ажырамас бөлігі. Мұнай кен орындарындағы қабат сулары әдетте көптеген қосылыстардан тұрады. Көбінесе олардың құрамында еритін тұздардың иондары болады: · аниондар OH(-), CL(-), SO42(-), CO32(-), HCO3(-); · катиондар H(+), K(+), Na(+), NH4(+), Mg2(+), Ca2(+), Fe2(+), т.б; · микроэлементтердің иондарыо: Br(-), J(-), т.б; · коллоидты бөлшектер: SiO2, Fe2O3, Al2O3; · еріген газдар: CO2, H2S, CH4, H2, N2 т.б; · нафтендік қышқылдар мен олардың тұздары. Бұл иондарды қабат сулары және ағынды сулар деп ажырытады. Жинау және дайындау процестері кезінде қабат және ағынды сулардың физикалық қасиеттерінің ішінде тығыздық пен тұтқырлыққа көп көңіл бөлінеді. Қабат суының (минералды) тығыздығы тұз құрамына қарай келесі формуламмен есептеледі ρвп = ρв + 0.7647S, (1.18) мұндағы ρв — 20 оС-дағы дистилденген судың тығыздығы, кг/м3; S –судағы тұз концентрациясы (ерітіндіде), кг/м3. 0-ден 45 оС температура арасында мұнай кекн орындарындағы тұздардың су ерітіндісі аз өзгеріске ұшырайды, сондықтан температура әсері келесі түрде ескерілуі мүмкін: ρвп(T) = ρвп - 0.0714(t - 20), (1.19) мұндағы ρвп(t), ρвп —t мен 20 оС температурадағы минералды судың тығыздығы кг/м3. Температура өзгерген сайын ілеспе судың тұзқұрамын, тұтқырлығын және тығыздығын бақылып отыру өте маңызды. Эксперименттік мәндердің қорытындысы бойынша минералды судың тұтқырлығын келесі формуламен анықтауға болады: ∆ρ =< ∆ρ1 μвп = μв(t) * 10 0.8831∆ρ * 10 -3, болғанда (1.20) мұндағы μвп —t температурасындағы қабат суының тұтқырлығы, мПа*с; μв(t) —t температурасындағы дистилденген судың тығыздығы, мПа*с; оның мәні анықтамамен немесе келесі формуламмен анықталуы мүмкін μв(t) = 1353*(t + 50) -1.6928, (1.21) мұндағы: ∆ρ- 20 оС температурадағы қайнаған су мен минералды судың тығыздықтарының айырмашылығы, кг/м3; ∆ρ = ρвп - 998.3, (1.22) мұндағы: ρвп —20 оС –тағы минералды су тығыздығы, кг/м3; ∆ρ1 — параметр, келесі формуламен анықталады ∆ρ1 = 0.793*(146.8 - t) (1.23) егер ∆ρ > ∆ρ1 μвп = μв(t)*10(10-3*A(ρ)) (1.24) мұндағы: А (ρ) — мәндері температура мен тығыздықтан тәуелді функциясы. 0 =< t =< 20 оС болғанда: A(ρ) = 2.096*(∆ρ - 0.5787*∆ρ1), (1.25) 20 < t =< 30 оС болғанда: A(ρ) = 2.096*(∆ρ - 0.5787*∆ρ1) - 0.032*(t - 20)*(∆ρ - ∆ρ1) (1.26) t > 30 оС болғанда: A(ρ) = 1.776*(∆ρ - 0.503*∆ρ1) (1.27)
|
При использовании материала ссылка на сайт Конспекта.Нет обязательна! (0.045 сек.) |