|
|||||
Есеп 6.1Дата добавления: 2014-11-24 | Просмотров: 1690
Ұзындығы 10 км болатын жинаушы коллектордың бас жағынан көлемі 180 т/с, динамикалық тұтқырлығы 20 мПа*с және тығыздығы 800 кг/м3 товарлық мұнай беріледі. Жинаушы коллектордан үш нүктеден мұнай алынады 20 т/с, 50 т/с и 100 т/с. Коллектордың басталған жерінен мұнай алынған нүктелерге дейінгі арақашықтық 4 км, 200 м, 3 км. Бастапқы қысымы 1,6 МПа болса, жалпы қысымның түсуін анықтау керек. Жинаушы коллектор көлденең төселген және жергілікті кедергілер жоқ. Берілгені: L = 10 км; D = 0.2 м; G = 180 т/ч; μ = 20 мПа*с; ρ = 800 кг/м3; q1 = 20 т/ч, q2 = 50 т/ч; q3 = 100 т/ч, l1 = 4 км; l2 = 200 м; l3 = 3 км; Pн = 1.6 МПа; Табу керек: ΔР =? Шешімі: Бұл есепте бір-бірінен шығым көлемімен ерекшелінетін бірнеше бөлшектерден тұратын күрделі құбырөткізгіш берілген. Әрбір бөлшек жеке-жеке құбырөткізгіш ретінде есептелінеді (5.1 есепті қара). Жалпы қысымның түсуі жекелеген бөлшектердің қысым шығынының суммасына тең. Бірінші бірінші нүктеге дейінгі мұнай жылдамдығын анықтаймыз v1 = G / (S ρ) = 4 * 180 / (3600 * 3.14 * 0.2 2 * 800 * 10 -3) = 1.98 м/с. Бұл бөлшекте ағыс режимі турбулентті, өйткені Re1 = v1 * d / ν = v1 * d * ρ / μ = 1.98 * 0.2 * 800 / 20 / 10- 3 = 15750 > 2320 (Блазиуса зонасы). Гидравликалық кедергі коэффициентті λ әр бөлшекке жеке анықтаймыз. λi = 0.3164 / Re 0.25 = 0.3164 / 15750 0.25 = 0.028 Бірінші бөлшектегі қысым шығынын келесі формуламен анықтайды: Δp = p1 - p2 = λ * L * v 2 * ρ / D / 2 Δp1 = 0.028 * 4000 * 1.98 2 * 800 / 0.2 / 2 = 0.875 МПа Екінші бөлшектегі қысым шығынын анықтау үшін, алдымен мұнай ағысының жылдамдығын анықтап аламыз v2 = (G - q1) / S / ρ = (180 - 20) * 4 / (3600 * 3.14 * 0.2 2 * 800 * 10 - 3) = 1.76 м/с Екінші бөлшектегі ағыс режимі ламинарлы, өйткені Re2 = v2 * d * ρ / μ = (1.76 * 0.2 * 800) / (20 * 10 - 3) = 14200 > 2320 Гидравликалық кедергі коэффициенті λ2 = 0.3164 / 14200 0.25 = 0.0292 Екінші бөлшектегі қысым шығыны Δp2 = 0.0292 * 200 * 1.76 2 * 800 / 0.2 / 2 = 37300 Па = 0.337 МПа Үшінші бөлшектегі мұнай жылдамдығы: v3 = [G - (q1 + q2)] / S / ρ = [180 - (20 + 50)] * 4 / (3600 * 3.14 * 0.2 2 * 800 * * 10 -3) = 1.21 м/с Ағыс режимі турбулентті, өйткені Re3 = v3 d ρ / μ = (1.21 * 0.2 * 800) / 20 / 10 - 3 = 9560 > 2320 Гидравликалық кедергі коэффициенті λ3 = 0.3164 / Re 0.25 = 0.3164 / 9560 0.25 = 0.0321 Үшінші бөлшектегі қысым шығыны Δp3 = 0.0321 * 3000 / 0.2 * 1.21 2 / 2 * 800 = 278000 Па = 0.278 МПа Төртінші бөлшектегі мұнай жылдамдығы v4 = [G - (q1 + q2 + q3)] * 4 / φ / d 2 / ρ = (180 – 20 – 50 - 100) * 4 / 3600 / 3.14 / / 0.2 2 / 0.8 = 0.11 м/с Ағыс режимі ламинарлы, өйткені: Re4 = v4 * d * ρ / μ = 0.11 * 0.2 * 800 / 20 / 10 - 3 = 884 < 2320 Гидравликалық кедергі коэффициенті λ4 = 64 / Re = 64 / 884 = 0.072 Төртінші бөлшектегі қысым шығыны Δр4 = 0.072 * 2800 * 0.11 2 * 800 / 0.2 / 2 = 4879 Па Барлық шығындарды қосқандағы жалпы қысым Δp = Σ pi = 0.875 + 0.037 + 0.278 + 0.049 = 1.24 МПа Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма |
При использовании материала ссылка на сайт Конспекта.Нет обязательна! (0.049 сек.) |